Біртанов сотта мәлімдеме жасады

2780
Adyrna.kz Telegram

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов сот талқылауында кінәсіз екенін айтып, тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол тек өзінің лауазымдық міндеттерін атқарғанын атап өтті. Сонымен қатар сотталушы хорватиялық компанияның бас мердігерінен жауап алуды сұрады. Алайда сот бұл өтінішті қарастырудан бас тартты.

«Іс жан-жақты емес, қылмыстың егжейі-тегжейі жоқ»,—деді экс министр.

Еске салсақ, Елжан Біртанов 2020 жылдың 3 қарашасында бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікпен қамауға алынған болатын.

Пікірлер