Семейде жас жігіт көпірден секірмекші болды (ВИДЕО)

2160
Adyrna.kz Telegram

Семейде полицейлер көпірден секірмек болған жігітті құтқарды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Ішкі істер министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

«11 қазан күні таңға жуық уақытта Абай облысы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының инспекторы Селевина-Волгоградская көшелерінің қиылысында орналасқан бейнебақылау камералары арқылы теміржол көпірінің қоршауында тұрған адамды байқап қалады. Бұл туралы полиция қызметкері дереу патрульдік полиция батальонының экипаждарына хабарлайды.

Оқиға орнына бірінші болып 2-ші рота қызметінің инспекторлары келеді.

Бауыржан Нұрғазынов ер адамды ұстап қалу үшін артқы жағынан рельстермен жүріп өтеді.

Бауыржан Алдонгаров әңгіме барысында жігітті райынан қайтарады.

Мән-жайды анықтау үшін ол Әуезов полиция бөліміне жеткізілді»,—делінген хабарламада.

Бейнежазбаны көру үшін сілтемені басыңыз.

Пікірлер