Оралда жалпы режимдегі колонияда өрт шықты

2605
Adyrna.kz Telegram
Фото: mgorod.kz
Фото: mgorod.kz

Оралда жалпы режимдегі колонияда өрт шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Төтенше жағдайлар департаментінің алдын ала мәліметі бойынша, 12 қазан күні сағат 23:30 шамасында жалпы ауданы 500 шаршы метрге жуық асхананың шатыры өртенген. Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметінен өрт сөндірушілер мен полиция жұмыс істеді.

Оқиғаның басқа да мәліметтері анықталуда.

Айта кетейік, Орал казармалық колониясы 2013 жылы бірнеше күнге созылған тұтқындардың жаппай толқуы болған еді. 

Пікірлер