Ақтауда теңіз суының түсі өзгеріп кетті

2946
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Каспий теңізі жағалауындағы судың түсі өзгеріп жатыр. Бұл туралы куәгерлер видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Табиғат құбылысына Маңғыстау облысының Экология департаменті пікір білдірді. Облыстың бас экологы Руслан Төкеновтің айтуынша, оқиға орнына мамандар жіберілген. Оның айтуынша, судың түсінің өзгеруіне жыл сайынғы құбылыс – қоңыр балдырдың жағаға шығуы әсер еткен.

Ал Кирилл Павловтың Telegram-арнасында хабарлағандай, теңіз жағалауындағы су түсінің өзгеруіне Солдатский жағажайы аймағындағы арнадан қосылған қоңыр түсті лас су себеп болған.

Қазір учаскеде экологтар жұмыс істеп жатыр. Олар су сынамасын алады. Тест нәтижелері кейінірек жарияланады.

Ал «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС 1-ЖЭО-дан таза су шығатынын айтып, лас суға қатысты кәсіпорынның кінәсі жоқ екенін мәлімдеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер