"Жас сарбаздар" сыналды

2542
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/10/d101b554-3d74-4f63-926d-06cb91c240bb.jpeg
Кеңес Одағының батыры М.Мәметованың 100 жылыдығна орай «Жас сарбаз» сыныптары арасындағы облыстық «Із кесуші» әскери-спорттық ойынында №47 ЖОББМ командасы І орынды иеленді. Облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы ұйымдастырған сайысқа аудандар мен қаладан 11 команда қатысты. Сайыс газтұтқыш кию, пневматикалық винтовкадан ату, калашников автоматын толық бөлшектеу және құрастыру, іздеу, «Түймедақ» туристік кедергілер, әскеи-тарихи викториналық сұрақтар және саптық ән кезеңдері бойынша өтті. Әскери-спорттық ойын қорытындысында жалпы 405 ұпаймен №47 ЖОББМ «жас сарбаздары» бірінші орынды иеленіп, Білім басқармасының дипломы және кубок, медальмен марапатталды. Айта кетейік, Орал қаласындағы үш мектепте – №5, №12 және №47 ЖОББМ «Жас сарбаз» сыныптары жұмыс жасайды. Жас сарбаздар қатарында 73 оқушы бар.
Комментарии