«ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР – ҰЛТ ҚОРҒАНЫ» МАҚАЛАЛАР БАЙҚАУЫ

4064
Adyrna.kz Telegram
http://adyrna.kz/content/uploads/2018/11/photo_161631.jpg
Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарманың қолдауымен «Адырна» ұлттық порталында «Дін мен дәстүр» жобасы аясында «Ұлттық құндылықтар – ұлт қорғаны» атты тақырыпта мақалалар байқауын жарияланып отыр. Байқаудың мақсаты – қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптеу, сырттан келіп жатқан әртүрлі діни ағымдардың салт-дәстүрді жоққа шығару сияқты қауіпті үрдістердің себеп-салдарын ашып көрсету, төл ұлттық құндылықтарымыздың мән-мағынасына, мазмұнына терең бойлауға талпыныс жасау. Байқау жеңімпаздарына арнайы медальдар және бағалы сыйлықтар беріледі. Байқауға материалдар тапсыру 5-қараша сағат 9.00-де басталып, 25-қараша сағат 18.00-де аяқталады. Жеңімпаздар қараша айының соңында өтетін Естай Беркімбайұлының шығармашылығына арналған концертте салтанатты түрде марапатталады. МАҚАЛАҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:
  • Көлемі 7 беттен аспауы керек.
  • Әрпі 14 шрифтпен, 0,5 интервалмен жазылуы керек.
  • Автор мақалаға толық аты-жөнін, фотосын, телефон нөмірін қосып, qazadyr@gmail.com,  adyrnaportal@gmail.com, meru_80@mail.ru, aydarbekova.akgul@mail.ru электронды пошталарына жолдауы тиіс.
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР: Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы. «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі.          
Комментарии