Шымкентте анасы мен қызын көлік қағып кетті

2335
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте анасы мен қызын көлік қағып кетті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

10 қазан таңғы сағат 9:30 шамасында Шымкент қаласы Төлеметов көшесі бойында Mitsubishi Pajero автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі екі жаяу жүргіншіні қағып, жол-көлік апатын жасады. Салдарынан 43 жастағы анасы мен 16 жастағы қызы оқиға орнында көз жұмды.

Жайтты полицейлер СТТБТ-де ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен “Көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан бұзуы” тіркеді.

Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер