Бекболат Тілеухан елден кетті, теріс ағымға тыйым салынсын! - Айгүл Орынбек

22467
Adyrna.kz Telegram

Белгілі құқық қорғаушы Айгүл Орынбек "Бекболат Тілеухан елден кетті, қара нихаб киюге, беттерін бүркемелеп жабуға тыйым салатындай заң шығарайық" деп билік өкілдеріне үндеу тастады.

"Мәжілісте отырған 107 депутат назарына! Енді теріс ағым өкілдерінің атрибутына айналған қара нихаб киюге, беттерін бүркемелеп жабуға тыйым салатындай заң шығаруды ұсынамын! Қарсы шығатын Бекболат Тілеухан Елден кетті! Кімнен қорқасыздар? Ұлт болашағы үшін бұл заң бізге ауадай қажет!", -деп жазды ол.

Сонымен қатар Айгүл Орынбек ҰҚК төрағасынан Тик-ток желісін қатаң бақылауға алуын сұрады.

"Ұлттық Қауіпсіздік Комитет төрағасы Ермек Алдабергенұлы! Тик-ток желісін бақылауға алуыңызды сұраймын! Түнгі сағат 12-00 бастап таңғы 06:00 дейін бетін бүркемелеп алған, қара жамылған жастар осылай насихат жүргізуде! Өздерінің салт-дәстүр ұстанбайтынын, жұма сайын иіс шығару харам екенін ашық айтады! Тек қыздар емес ер жігіттер де дәл осылай өздерінің көзқарастарының дұрыс екенін ашық талқылайды. Тик-ток желісін жастар көп қолданады. Жастарымыздың саналары уланбас үшін, біз алдын алу профилактикасын жасауымыз керек! Сол себепті тик-ток желісін бақылауға алыңыздар! Салт-дәстүрімізді сыйламайтын террористер көбейіп кетіп, ертең қолымызды кеш сермеп қалмайық!", - деп жазды Айгүл Орынбек өзінің фейсбук парақшасында.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер