Спорт қауымдастығы шендісі қазақша сұрақты түсінбей, орысшасын талап етті

2810
Adyrna.kz Telegram
Әлеуметтік желіде Қазақстан спорт қауымдастығы атынан сөйлеген азаматтың қазақша қойылған сұрақты түсінбей, журналисті "брат" деп атап, өзіне орысша сұрақ қоюын талап еткен видеосы тарап жатыр. Бұл жайлы "Адырна" ұлттық порталы жазды. 
Оқиға жайлы желі қолданушысы Дастан Мырза хабарлады. Автор өз жазбасында шағын сұхбатты талдап, оқырмандарға ой салды:
"Қазақстан спорт қауымдастығынанбыз деп қояды. Кішкене ғана бейнеден не байқадыңыз?
1. Қазақ тілін өмірінде керек етпегені құрысын нөл білмейтіндігі. Ең азы адамда генетикалық жады деген болмай ма? Жоқ дегенде Қарағұсоваға ұқсап бір-екі ауыз сөзді былдырлатып, бірдеңе десе де болар еді ғой. Мынаның тек сыртқы бет-әлпеті қазақ па сонда? Қорқынышты.
2. Бейтаныс адамға қоғамдық сұхбатта ресми тұлға ретінде дікеңдеп, сенсіреп сөйлеуі мәдениет, этика, субординация деңгейінен хабар беріп тұр. Жалпы біздегі жоғарғы қызметтегі көптеген адамдар сондай. "Брат" деп қояды ғой, мынаған тек фенямен сөйлеу қалып тұр, енді. Тыкать будете своему другу, а почему так разговариваете? деп қарсы сұрақ қойғанда реакциясы қандай болар еді. Сол жағы қызық.
3. Бұл жағдай негізі күлетін нәрсе емес, осындай адамдар біздің тағдырымызды шешіп, ел басқарып жүргесін не дейсің. Әрине сосын конституциямыздан орыс тілі алынбайды. Мына қарқынмен Қазақ тілі әзір ұшпаққа шыға қоймас. Позор да и только", - деп жазды желі қолданушысы.
Оқырмандар арасында сұхбат берушінің әрекетін сынға алып, тіпті, оның құқықтық норманы бұзғанын айтып жатқандар да бар.
"Дүмше, мәңгүрт. Қырт орыс боп кеткен ғой мынауың", "Заң бұзып тұр. Заң бойынша орысша сөйлеуді талап етуге болмайды. Түсінбейсің бе, аудармашы жалда. Шығындан", "Егер осыларға “байлығыңды тартып алам” деп қазақша айтшы, бірден түсінеді", "Және бұлар Қазақ тілінде сөйлеген адамды адам деп санамайды", "Шешесі кінәлі ең әуелі!" деген сынды пікірлер қарша борауда...
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер