Сирияда үш қазақстандық қыз өлім жазасына кесілді

2299
Adyrna.kz Telegram

Сириядағы қазақстандық әйелдер ақшаның жоқтығынан жауынгерлік алаңнан жасырын қашып кетпек болған. Алайда жауынгерлердің қолына түсіп қалды.

Бүгінде 800-де астам қазақстандық азаматтың Сирияға өткені анық. Оның 120-сы ер адам, 250-і әйелдер. 500-і кәмелетке толмағандар.kz.

Солтүстік Кавказ елінің әйелдер ұйымы Сириядағы отандастарын елге қайтару туралы жұмыстар жүргізеді. Олардың мәліметінше, соңғы кездері Сирияда жағдай шиеленісіп кеткен.  ДАИШ құрамындағылардың жағдайы төмен. Адамдар амалын тауып қашып кетудің мүмкіндігін іздеуде.

6 қазақстандық әйелдің Сирияадан кетіп, Түркияға өтпек болғаны айтылды. Алайда оның үшеуі ақшаның жоқтығынан және басқа амалы қалмағандықтан жанындағы үшеуін өлтіріп тастаған. Оның бірі 7 жасар бала. Олардың жинаған ақшасын алып, «Халифаттан» қашпақ болғанда қолға түседі. Үш әйелді де өлім жазасына кесті.

Солтүстік Кавказдағы әйелдер ұйымы өлім жазасына кесілгендердің аты-жөнін жариялады. Оның бірі ақтөбелік Гүлбану (діни есімі УммМариям) мен  Дарина (УммМуса), тараздық Салтанат (діни есімі УммАтика), деп хабарлайды zakon.kz сайтына сілтеме жасаған stan.kz

Пікірлер