Алматыда әкесі мен үш ұлы газдан уланып қаза болды

3757
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/10/5bc714c9-130b-462a-945f-404157f14977.jpeg
Алматы облысының Іле ауданында әкесі мен үш ұлы газдан уланып қаза болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, хабарлама 6 қазан күні сағат 17.50-де келіп түскен.
«1970 жылғы ер адам мен оның үш ұлы пропан газы баллонынан уланған. Олардың денесін үйдің отанасы тапқан»,—деді ведомство.
Айта кетейік, үй иесі газ-пешке 25 литрлік газ баллонын өз қолымен қосып қойған.
Комментарии