Генералдар Кеңесінің Төралқасы Тоқаевты президент сайлауына кандидат ретінде ұсынды

2924
Adyrna.kz Telegram

Ұзақ жылдар бойы мемлекет мүддесіне абыроймен қызмет еткен Қазақстанның Қарулы күштері мен құқық қорғау органдарының генералдары, ардагерлері осы күні де Отан мүддесін қорғауда.

Мемлекет басшысының қыркүйек айындағы Жолдауын талқылағаннан кейін «Генералдар кеңесі» РҚБ Төралқасы бағдарламалық құжатта баяндалған ережелер мен ұсыныстарды іске асыруға белсенді қатысу туралы шешім қабылдады. Біз биыл күзде кезектен тыс президент сайлауынөткізу туралы ұсынысты толық қолдаймыз. Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған реформаларды табысты іске асыру үшін халық сенімінің жаңа мандаты қажет.

«Президенттік мандаттың бір реттік 7 жылдық мерзімін енгізуді ашық демократиялық мемлекеттің дамуындағы түбегейлі шара деп санаймыз. Бұл қадам еліміздің жаңа саяси дәуірінің алтын қазығына айналады. Әлемдегі күрделі геосаяси жағдай кезінде бейбітшілік пен келісімді бағалай білу қажет. Біз, ел егемендігінің қорғаны болғанофицерлер, тәжірибелі, қоғамға қызмет етуге дайын саясаткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын сайлауға ұсынамыз»,деді отставкадағы генерал-майор, «Генералдар кеңесі»РҚБ төрағасы Махмұт Төлеғұсов.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер