«Біз ет жинап жатырмыз»: Орынбордан мобилизацияланған офицерлер Путинге хат жазды жазды

3355
Adyrna.kz Telegram
Фото: fedpress.ru
Фото: fedpress.ru

Орынбордан мобилизацияланған офицерлер Владимир Путинге олар жіберілген әскери бөлімнің штаб бастығы запастағыларды “ет” деп атағанын айтып, хат жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы ақпарат құқық қорғаушы Дмитрий Болдыревтің Telegram-каналында пайда болды. Заңгер мобилизация аясында әскерге шақырылған отставкадағы Орынбор офицерлерінің Ресей президентінің атына жазған хатын жариялады.

«Орынбордың оңтүстік округінің әскери комиссариатынан Саратов қаласындағы 631 оқу-жаттығу орталығына келді. Осыдан кейін олар жаңадан құрылған мотоатқыштар полкіне тарату үшін «Кумысная поляна» саябағы аймағына әкелінді. Полк штабы бастығының айтуынша, біздің ВУС бойынша лауазымдар жоқ. Сонымен бірге ол құрылып жатқан полк туралы сөзбе-сөз«Ет алып жатқанымызды түсінесің» деп айтты, - делінген хатта.

Орынборлық офицерлер олардың арасында жауынгерлік тәжірибесі бар азаматтардың барын, өз Отанын қорғауға келгенін, олардың атына мұндай сөздерді естудің мүмкін еместігін атап өтті.

”Адырна” ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер