Қадыров өзінің кәмелетке толмаған ұлдарын Украинадағы соғысқа жіберетінін айтты

2732
Adyrna.kz Telegram

Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыровтың кәмелетке толмаған үш ұлы арнайы операция аймағына баруға дайындалып жатыр. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қадыровтың сөзінше, кәмелет жасына толмау отан алдындағы борышынан босатпайды.

Шешенстан Республикасының тұңғыш президенті Ахмат-Хаджи Қадыровтың немерелері – Ахмат, 15 және Адам – 16, 15 және Адам – 14 жаста. Қадыровтың айтуынша, олардың әскери дайындықтары жастайынан басталған.

Сондай-ақ, Гудерместегі Ресейдің арнайы жасақ университетінің базасында оларға әртүрлі қару-жарақпен жұмыс істеу, оларды кез келген қашықтықта қолдану, теориялық негіздері оқытылады.

"Ахмат, Эли және Адам өз әскери дағдыларын арнайы әскери операция аймағында қолдануға дайын. Және мен қалжыңдап тұрған жоқпын. Нағыз жекпе-жекте өздерін көрсететін уақыт келді, бұл олардың қалауы, мен тек құптаймын. Көп ұзамай олар майдан шебіне шығып, қиян-кескі ұрыстың ортасында болады", - деп жазды Рамзан Қадыров.

Қадыровтың ойынша, кез келген әкенің басты мақсаты – ұлдарын имандылыққа баулып, отбасын, халқын, Отанын қорғауға дайындау.

”Адырна” ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер