Петропавл әкімдігінің ғимаратына 1 млн теңгеге душ кабинасы орнатылады

3542
Adyrna.kz Telegram
Фото: Петропавл қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы
Фото: Петропавл қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы

Петропавл қаласының әкімдігі мемлекеттік тапсырыстар порталына 3,6 миллион теңге болатын жаңа лот орналастырған. Алайда жөндеу жұмыстарына арналған қаржының 1 миллион теңгесі қымбат душ кабинасын сатып алуға жұмсалмақ. Бұл туралы Петропавлск.news. жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, әкімдік ғимаратының 4-қабатына жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Ал жұмыстың негізгі мақсаты – ұзындығы 1,5 метр, ал биіктігі 2 метр болатын душ кабинасын орнату.

 

“Мүмкін онда қазір сауна бар шығар? Әкімдік туралы тағы нені білмейміз?” - делінген басылымда.

Бөлінген қаржының 1 миллион теңгесі жұмысшылардың жалақасына, 1,5 миллион теңгесі құрылыс материалдарына, ал 848 мың теңгесі (қосымша шығындармен қоса есептегенде, бұл қаржы 916 мың теңгеге жетеді) душ кабинасына арналған.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Басқа материалдар