"Аманат" Қазақстан кәсіподақтар достастығы президент сайлауына Мейрам Қажыкенді ұсынды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
61 жастағы Мейрам Қажыкенді кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде ұсыну туралы шешім кәсіподақтар Достастығының орталық және атқарушы комитеттерінің бірлескен отырысында қабылданды.
Бүгінгі күні Мейрам Қажыкен "Астана" халықаралық ғылыми кешенінің Экономикалық зерттеулер институтын басқарады.
"Адырна" ұлттық порталы