Сұраныстың артуына байланысты Орал автовокзалы Қазақстанның бес қаласына тұрақты емес рейс ашады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Директор Талғат Бисекеновтың айтуынша, Орал мобилизациядан шыққан ресейліктер арасында ең танымал қалаға айналды.
«Барлығы БҚО-да қалуды жоспарламайды, көпшілігі одан әрі, көбіне Алматы, Астана, Ақтөбеге баруды көздейді. Келушілерге көмектесу үшін Орал автовокзалы тұрақты емес рейстерді іске қосты. Бағыттар: Атырау, Ақтөбе, Астана, Алматы және Шымкент»,—деді ол.