Ел ішіне іріткі салуды көздейтіндер бар — Тоқаев

2723
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/09/a3321ba1-612e-464e-a0bb-4761edfe9678-960x500.jpeg?token=e8fbc675b0a9811b7960ece72fde54ba
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау жарияланғалы бері кибершабуылдардың күшейгенін мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Қазір елімізде үлкен саяси науқан басталды. Әрине, сайлау болғаннан кейін түрлі пікірталастар болады. Сонымен қатар, ел мүддесіне кереғар пікір айтатын, тіпті, жалған ақпарат тарататын адамдар пайда болуы мүмкін. Біз осыған сақ болуымыз қажет. Сайлау жарияланған соң түрлі жалған деректер, ақпарат, яғни фейктер таратылып, кибершабуылдар күшейді. Бұл жайдан жай емес. Кейбір күштер шетелден осындай әрекеттерді ұйымдастырып, ел ішіне іріткі салуды көздейді. Олар Қазақстанда оң өзгерістерге кедергі жасағысы келеді. Бірақ біз бағытымыздан таймаймыз»,—деді Мемлекет басшысы.
Комментарии