Бүгін - Мұхтар Әуезов, Оралхан Бөкей мен Шерхан Мұртазаның туған күні

3074

Бүгін, 28 қыркүйек күні қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосқан қаламгерлердің – Мұхтар Әуезов, Шерхан Мұртаза, Оралхан Бөкейдің туған күні.

Қазақ әдебиетінің классигі, қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезов туғанына 125 жыл, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, кесек тұлғалы, қайсар мінезді наркескені, шындықтың шырақшысы атанған Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл, ал қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жарық жұлдыздарының бірі, Алтайдың кербұғысы атанған Оралхан Бөкейдің туғанына 79 жыл толып отыр.

Алаштың алып азаматтарының қазақ әдебиеті мен мәдениетіне тигізген үлестері орасан зор. Қазақ халқына адал еңбек ете білген тұлғаларымызды бүгінгі мерейтойы барша алаш жұртының қуанышы!

”Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket