Донецк тұрғындары Қадыров әскерінің атына шағым айтып, Денис Пушилинге хат жазды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ұжымдық хатта:
«Біздің балаларымыз бен күйеулеріміздің әскери тәжірбиесі жоқ болса да, Украинаға қарсы соғысқа аттанып, қазір майданда өлім мен өмірдің ортасында жүр. Ал Рамзан Қадыровтың әскері сол Донбасстағы біздің жап-жас балаларымыз бен күйеулерімізді мазақ етіп, әлімжеттік жасап, барлығының көзінше зорлап жүр. Қадыровтың әскері Украиндермен соғысудың орнына біздің балаларымызды зорлап жатыр. Украиндерден көрмеген қорлықты солар көрсетуде. Сонда біздің балаларымыз бен күйеулеріміз кім үшін, не үшін соғысып жатыр?» - делінген.
Қадыровтың әскері бұған дейін жанып тұрған бағдаршамды, өсіп тұрған ағашты атып, аты шыққан болатын.