Жаңа ауданда жаңа баспаналар тұрғызылуда

1850
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/09/b4014504-b69a-43f8-9bb3-421fd4f7543e.jpeg

2019 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы ауқымында Орал қаласындағы Ақжайық шағын ауданында 137,594 км инженерлік коммуникациялар (су, газ, электр және кәріз желісі) құрылысы аяқталды. Жаңа шағын ауданның инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарын салуға 1,235 млрд теңге жұмсалды. Бюджет есебінен 9 қабатты 15 және 5 қабатты 10 үй салу жоспарланған.

Былтыр «Отбасы банк» АҚ салымшылары үшін Ақжайық шағынауданында 9 қабатты 244 пәтерлі үйдің құрылыс-монтаждау жұмысы басталды. Көпшілік үміт артып отырған Ақжайықта 20-ға жуық коммерциялық үй салынбақ. Инвестор қолдауымен денсаулық сақтау саласы және полиция қызметкерлері қызметкерлері үшін әлеуметтік үйлер тұрғызылады. Бұл жұмыстар алдағы бес жыл аяқталау жоспары бар.

 

Комментарии