Ұстаздар жобаға қызығушылық танытты

2572
Adyrna.kz Telegram

Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданы білім бөлімінде "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының" жастарды әлеуметтендіру және дамыту жобасы бойынша ұстаздарды шара өтті. Мұнда 6 әлеуметтік бағыттан тұратын байқау таныстырылып, жоба туралы мағлұматтар ортаға салынды.
Аудандық Ішкі саясат басқармасы, білім бөлімі, жастар ресурстық орталықтарының өкілдері, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, жалпы ұстаздар қауымы қатысты. Жалпы шараға 30 жуық кісі қатысты.
Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов шарамызға ерекше ықылас танытып, жастарды жан-жақты дамытуға өте пайдалы жоба ретінде бағалап, біздің жұмысымызға ыстық ықыласын білдірді.
Жобаны аудандық деңгейде ұйымдастыру үшін аудандық білім бөлімінің әдіскері Дидар Ишанова Назымбекқызы бекітілді.

Арман СЕРІКҰЛЫ, 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер