Қауіпсізсіздік кеңесі хатшылығының бірінші орынбасары Марат Шайхутдиновке мемлекеттік құпияларды үшінші елдің пайдасына беру мен шпиондық бойынша айып тағылуда. Күзет арқылы бақылауға алынды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы
“Айып ауыр! Мемлекеттік құпияларды сатумен айналысқан. Үстіміздегі жылдың 28 наурызы күні қызметінен алынған Марат Шәйхутдинов бүгін тұтқындалып, тергеу жұмыстары басталып кеткен”,- деп жазды журналист Алмас Алтай.
Бұған дейін белгілі қазақстандық журналист Михаил Козачков бұл оқиға туралы хабарлаған болатын.
«Наурыз айының ортасында Ұлттық қауіпсіздік комитеті 175-бап бойынша сотқа дейінгі тергеуді тіркеп, бірден екі айыпталушыны анықтады. Олар бір қарағанда қарапайым ғалымдар, талдаушылар сияқты», - деді Козачков.
Айта кетейік, қауіпсізсіздік кеңесі хатшылығының бірінші орынбасары Марат Шайхутдинов наурыз айынды қызметінен босатылған болатын.