Димаштың концертінен кейін қоқыстар үйіліп қалған

2486
Adyrna.kz Telegram

Димаш Құдайберген концертінен кейін стадионда таудай үйілген қоқыстар қалған. Бұл туралы журналист Бану Дәулетбаева хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

«Сөз түзелді, тыңдаушы сен де түзел» деуші еді ғой Абай. Димаштай әншінің концертінен кейін стадионда қалған қоқысты көріп, көңілім нілдей бұзылды. Димаштың халқы мәдениетсіз болуға тиіс емес қой. Білем, бірді-екілі ақымақ әр жерде бар, бірақ анау болмады, - деп жазды журналист.
35 мыңға жуық тыңдарманның басын қосқан концерт орталық стадионда өтті.  Қазақтың маңдайына біткен дарынды перзенттің өнерін тамашалауға Азия, Еуропа елдерінен шетелдік жанкүйерлер келді.
Пікірлер