Алматыда Қоғамдық кеңес мүшелері кездесті

1735
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласының Қоғамдық кеңес мүшелері  Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрімен  кездесті, деп хабарлайды  "Адырна" тілшісі.  

Ведомство өкілінің айтуынша, 14 қазан күні Қоғамдық кеңестердің үшінші республикалық мәжілісі өтеді. Осыған байланысты бүгін жиында кеңес қызметінің басым бағыттары мен алдағы жұмыс жоспары талқыланды. Ал күн тәртібіндегі түйткілдерді министрлік басты назарға алмақ. Кейін кеңес мүшелері аталған мәселелер бойынша Президент алдында есеп беріп, оны тиімді шешу жолдарын ұсынбақ. Сондай-ақ жиын барысында алдағы сайлауалды науқанды өткізу тәртібі қарастырылды.

«Біз еліміз үшін халықтың үнін ескере білетін мықты маман болуымыз қажет. Яғни, қоғамды дамытуға бар күшімізді салу – міндетіміз. Сондықтан біз барынша ашық болып, қордаланған түйткілдерді халықпен бірлесе отырып, құжаттарға сүйене отырып шешуіміз керек», – деді қалалық Қоғамдық кеңестің мүшесі Бекнұр Қисықов.

Кездесу барысында  алда келе жатқан ҚР президентін сайлауға байланысты сайлауалды қандай жұмыстар жүру керек деген сияқты мәселелер талқыланды. Ал негізгі кездесудің басты қағидасы – Алматы қаласындағы, жалпы Қазақстандағы Қоғамдық кеңестердің жұмысын біршама жандандыру болды.

 

 

Пікірлер