Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
Жиында Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке барған сапарының және бірқатар мемлекеттің басшыларымен, БҰҰ басшылығымен, АҚШ іскер топтарымен кездесулерінің қорытындысы аясындағы халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері қарастырылды.
Отырыс соңында Президент бірқатар тапсырма берді.
"Адырна" ұлттық порталы