Украина Ресей тұтқынынан 215 адамды қайтарып алды

2375
Adyrna.kz Telegram

21 қыркүйекте Украина Ресей тұтқынынан 215 адамды қайтарып, Кремльге Виктор Медведчук пен 55 босқынды жіберді. Бұл туралы Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак мәлімдеді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

"Бүгін біз 215 адамды, оның ішінде 124 офицерді Ресей тұтқынынан босата алдық. Бұл Ресейдің жаппай басып кіруінен бері қол жеткізген ең күшті нәтиже", — деді Ермак.

Ол азат етілген әскерилердің арасында "Азов"полкінің 108 жауынгері бар екенін атап өтті.

"200 украиндық сарбаз Путиннің өкіл әкесі Виктор Медведчукке айырбасталды, ол «тергеуге барлық мүмкін дәлелдерді беріп қойған». Ал Азовстальдан келген бес командир 55 орыс тұтқынына ауыстырылды", - деді ол.

Ермак сонымен қатар тұтқыннан босатылған бес қолбасшының қазір Түркияда президент Режеп Тайып Ердоғанның қорғауы мен қауіпсіздік кепілдігімен екенін айтты. Владимир Зеленский соғыс аяқталғанша олар Түркияда қалатынын атап өтті.

Сондай -  ақ, босатылғандардың арасында Украина үшін соғысқан, өлім жазасына кесілген 10 шетелдік бар. Бұл, атап айтқанда, АҚШ, Ұлыбритания, Хорватия және Швеция өкілдері. Олар қазіргі таңда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында жүр.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер