БҚО-да қамба дәнге толады

1816
Adyrna.kz Telegram

БҚО-да биыл егін алқабынан мол өнім жиналды. Бұл туралы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары хабарлады.

Агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша  өткен кеңесті ашқан облыс әкімі Ғали Есқалиевтың айтуынша, биылғы күзгі жиын-теріннің мол болуы көктемгі қолайлы ауа райымен байланысты.

 Биыл дәнді-дақылдар 203, 2 мың га алқапқа егілсе, майлы дақылдар 185,7 мың га егіліпті. Бүгінгі таңда облыс бойынша жиналатын 202 мың га дәнді-дақылдар алқабының 182 мың га орылып, 16,2 ц/га орташа өнімділікпен 295,5 мың тонна астық жиналған.  Өңірде  жалпы сыйымдылығы 504,8 мың тоннаны құрайтын лицензияланған 7 астық қабылдау кәсіпорыны бар.

Бүгінгі таңда бұл кәсіпорындарда 215,6 мың тонна астық сақталуда, оның ішінде 45,3 мың тоннасы арпа, 170,3 мың тоннасы бидай. Бұл дегеніңіз қамбаға толған шикізат толды деген сөз. БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Наурызбай Қарағойшиннің айтуынша, аумақта көкөніс қоймаларының көлемі артады. Осылайша енді жиналған мол шикізатты сақтаудағы мәселелер шешіледі.

Пікірлер