«Майданға бару - ең оңай шешім, бірақ біз азаматтарды хабардар етуге міндеттіміз» - Вяткин

2095
Adyrna.kz Telegram
Фото: Мемлекеттік Думаның баспасөз қызметі
Фото: Мемлекеттік Думаның баспасөз қызметі

«Единая Россия» партиясының депутаты Дмитрий Вяткин өзінің және оның әріптестерінің соғысқа бара алмайтынын айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Арыз жазып, майданға шығу – ең оңай шешім. Бірақ әрқайсымыздың арамызда,  партиялардың артында қарапайым өмір сүріп жатқан азаматтар бар. Екі шындық бар сияқты: бірі - майдан, екіншісі - бейбітшілік. Мереке, отшашу, ойын-сауық орындары халыққа толы. Соған қарамастан бүгінгі жағдайдың маңыздылығын ескеріп, әрбір адамға жеткізу біздің парызымыз», -деді ол.

Айта кетейік, бүгін таңертең (21 қыркүйек) Путин Ресейде мобилизациялау туралы хабарлады. Бұдан кейін қорғаныс министрі Сергей Шойгу мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, әскерге 300 мың резервші шақырылады.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер