Путиннің сөзінен бірнеше минут өткен соң ресейліктер елінен қашып жатыр. 21 қыркүйекке Стамбул, Тбилиси, Ереван, Астана мен Алматыға тікелей билеттерді түгел сатылып кеткен, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ішінара мобилизация туралы жариялаған Ресей диктаторы Владимир Путиннің сөзінен бірнеше минут өткен соң ресейліктер Стамбул, Тбилиси және Ереванда 21 қыркүйекке арналған барлық тікелей билеттерді сатып жіберді. Бұл туралы ресейлік Layout басылымы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Айта кейтейік, бүгін Ресей диктаторы Владимир Путин федералдық телеарналар арқылы халыққа сөйлеп, онда Ресейде ішінара мобилизациялау және басып алынған аумақтардағы жалған референдумдарды «қолдау» туралы жариялады.
Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Ресейдің Украина армиясымен емес, ұжымдық Батыспен соғысып жатқанын айтты. Ішінара жұмылдыру кезінде барлығы 300 000 резервші шақырылады.
«Адырна» ұлттық порталы