Тоғыздағы бүлдіршін Димаш әндерін тыңдағаннан кейін сөйлеп кетті

4441
Adyrna.kz Telegram

Тоғыз жасына дейін сөйлемеген бүлдіршіннің Димаш әндерін тыңдағаннан кейін тілі шыққан. Мұндай ерекше жайт тұтас елді таң қалдырды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы "KazUnite" cайтына сілтеме жасап. 

Аутизм дертіне шалдыққан Габриел есімді бүлдіршін Димаш Құдайбергеннің әндерін тыңдағаннан кейін сөйлеп кеткен. Адам нанғысыз ерекше құбылыстың қалай басталғаны жайында Нью-Йорк қаласының тұрғыны Альмира Ерболат:

- Бірде баласының үйде интернетті қосып қойып, Димаш Құдайбергеннің француз тіліндегі SOS әнін бір сөзін бұзбай орындап тұрғанын көрген анасы өз көзіне өзі сенбепті. Сол күннен бастап ол Димаш деген қазақ әншісі бар екенін біледі. Күн өткен сайын оның “репертуарындағы” Димаштың әндерінің қатары көбейе түсуде. Димаш қай тілде ән айтса, соны жаттап алады. Арасында орыс, қытай, қазақ әндері де бар. Сол Димаштың бір әнін үйренген уақыттан бері, міне, бір жыл өтіпті. Содан бері баланың тілі шыға бастаған. Күндіз-түні тыңдайтыны Димаштың әндері, - деп жазды өз естелігінде.

Димашты Лас-Вегас әуежайында күтіп алған Габриел мен анасы Нэнсидің қуанышты сәті көпшіліктің  жүрегін елжіретті.

- Бір сәтте Нэнси сөйледі... Димаш өзі ұзақ жолдан шаршап-шалдығып жетсе де, жасы кіші болса да кісілік танытып, орнынан тұрып, балаға қарай жүрді. Габриелді мейірімге, ерекше жылылыққа толы құшағына қысты. Сәл кідірді де, сәлден соң: «Менде қазір саған беретін ештеңе жоқ екен. Саған сыйлығым осы болсын», – деп, үстіндегі костюмін шешіп, Габриелдің арқасына жапты, - деді автор бұл жайында.

Нэнси мен Габриел Димаш Құдайбергеннің 23 қыркүйек күні Алматыда өтетін концертіне баруды жоспарлап қойған. Қазірдің өзінде әнші мен кішкентай тыңдарманының әуежайдағы қуанышқа толы кездесуі әлеуметтік желілерді шарлап кетті.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер