Тоқаев Садыр Жапаровқа көңіл айту жеделхатын жолдады

2113
Adyrna.kz Telegram

Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровқа және қырғыз халқына барша қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан қырғыз-тәжік шекарасында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген жауынгер мен бейбіт тұрғындардың қаза табуына байланысты көңіл айтты.

– Берік достық және тату көршілік қатынастарды сақтау – біздің ортақ әрі маңызды міндетіміз, сондай-ақ өңірдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі, бейбіт өмір құру жолындағы Орталық Азиядағы барша бауырлас халықтың түбегейлі мүддесі. Қазақстан кез келген даулы мәселені тек қана бейбіт жолмен және саяси дипломатиялық әдістермен шешуді жақтайды, – делінген жеделхатта.

Қазақстан Президенті қырғыз халқына мықты рух, бейбітшілік және бақ-береке тіледі.

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер