Қайрат Құдайбергенді қамауға алу мерзімі тағы бір айға ұзартылды

1870
Adyrna.kz Telegram

Қайрат Құдайбергенді қамауға алу мерзімі тағы бір айға ұзартылды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

«Тергеу сотының қаулысымен Құдайбергенге қатысты сотқа дейінгі тергеу органдарының күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы 2022 ж. 21 қазанға дейін санкцияланды», - делінген хабарламада. 

Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Құдайбергеннің ұсталғаны туралы ақпарат 22 сәуірде пайда болған еді. Кейін ҚР Бас прокуратурасы Қайрат Құдайбергеннің қаңтар оқиғасының ісі бойынша ұсталғанын растаған болатын. Ол "Дикий Арманмен" бірге адам жинауды ұйымдастырды деген күдікке ілінген. 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер