Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Нью-Йоркке барады, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
"Сапар бағдарламасы өте қызықты. Мемлекет басшысының БҰҰ Бас Ассамблеясының 77-сессиясының жалпы пікірсайыстарына қатысуы басты оқиға болмақ", - деді Ақордада.
Сонымен қатар, мемлекет және халықаралық ұйымдар басшыларымен, АҚШ-тың ірі қаржы институттары мен трансұлттық компанияларының басшыларымен, сарапшылық топтар өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізу жоспарлануда.
"Адырна" ұлттық порталы