Жаңа облыстарға «Инватакси» көлігі жеткізіледі

2020
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/09/ec3fa5f2-d195-4df9-8255-7911ce5fd863.jpeg
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында «Самұрық-Қазына» АҚ төрағасы Алмасадам Сәтқалиев «Samruk-Kazyna Trust» қоры арқылы еліміздің үш өңірін – Жетісу, Ұлытау және Абай облыстарын 9 арнайы автокөлікпен (инватакси) жабдықтау бойынша «Шектеусіз қозғалыс» жобасы туралы айтып өтті.
«Бұл жоба қимыл-қозғалысы шектеулі адамдарға олардың қоғамға бейімделуін арттыра отырып, өмірде бар шектеулерді жеңуге мүмкіндік береді. Жобаның бюджеті 260 миллион теңгеден асады. Бұл – біздің мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдауға қосқан үлесіміз», - деді «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы.
Комментарии