Ақын Жанат Жаңқашұлы: "Ойланыңдар, қыздар! Ащы да болса шындық осы!"

3397
Adyrna.kz Telegram

     "Ойланыңдар, қыздар! Ащы да болса шындық осы!" Рухты, отты жырларымен ұлтының жанын жылытып жүрген ақын, әдебиетші Жанат Жаңқашұлы өзінің фейсбук парақшасында Виктор Желудков атты желі қолданушысының пікірін алға тарта отырып қалың көпшілікке ой тастады.

Жазба авторының пікірі қазақтың ұлы ақыны Қадір Мырза Әлидің "Өз тілің - бірлік үшін, Өзге тіл - тірлік үшін" деген тәмсілін еске салады. Ақынның төл тіліміздің мәселесін қалың көпшіліктің талқысына тастаған жазбасына қатысты желі қолданушылары, қазақтың ақын-жазушылары өздерінің азаматтық айқын үнін білдіруде.

Шетін мәселеге қатысты: "Күңдік сананың күлінде жүргендерге осылай демегенде не дерсің! Желудковтың жыны келсе, келгендей ғой", - деген пікір қосты ақын, қазақтың аяулы қызы Оңайгүл Тұржан.

Пікірлер