Нияз Дәулет есімді фейсбук қолданушысы Ақтауда соққыға жығылған жігіттің анасымен сөйлескенін хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
"Оқиға Ақтау қаласында болған. Баланың анасы Құралай ханыммен сөйлестім. Баласы қасында екен. Денсаулығын қарап отырғанын айтты. Бірақ, жала жабылып отырғанын айтады. Әлгі айуандардың жымысқы тірліктері туралы байқап қалып, аңдимын деп, тұтылып қалған екен. Жарайды, бала сол жолдағы жігіт болуы мүмкін де шығар. Дәлел табылса ештеңеге қарсы емеспін дейді анасы. Солай болған күнде, оқиғаға дейін, оқиға кезінде қауіпсіздікті бақылауға алушылар қайда қараған? Іс Америкалық боевик жанрындағы фильмдердегідей болғанша ушығып кеткен ғой. Видеоны қарап отырып, кеуделеріңізді таспен басып тұрғандай күй кештіңіздер ғой, Қазағым! Құрметті Абзал Құспан, Камиша Есмұхамбетқызы, Гүлмира Әбіқай, заң үстемдігі мен анықтығы қажет деп ойлаймын. Анасы баламды айыптап жауып қоя ма, деген қауіпте отыр...", - деп жазды автор.
"Адырна" ұлттық порталы