“Таңғажайып дәстүр”: Рим Папасы қазақтың «жеті шелпек» дәстүрін еске алды

2885
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/09/101e238e-3d79-437a-82ce-d4bdbdd3fa72-960x500.jpeg?token=2cb470d94e8de9308be72fd1eac7198c
Рим Папасы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге елордадағы «Қазақстан» орталық концерт залында өткен кездесуінде қазақтың “жеті шелпегін”  тоқталып өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Оның айтуынша, қазақ жерінде ынтымақтың гүлденіп тұруына көнеден келе жатқан дәстүр де негіз болып отыр.
«Ынтымақтың гүлденуіне сәлт-дәстүрдің де үлес қосып отырғаны анық. Сол арқылы өткеннің құндылықтары қастерлі қазынаға айналып, мұра болып қалып отыр. Менің есіме бұл жақта кең таралған «жеті шелпек» атты таңғажайып дәстүр келіп отыр –жұманың таңында жеті шелпек таратып, ата-бабаны еске алады», - деді Рим Папасы.

”Адырна” ұлттық порталы

Комментарии