Зеленский Ресеймен ешқандай келіссөз жүргізбейтінін кесіп айтты

11693
Adyrna.kz Telegram

"Украина қазіргі уақытта Ресеймен келіссөздер жүргізуге дайын емес". Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский CNN арнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Зеленскийдің айтуынша, Мәскеу мен Киев арасындағы келісім Ресей Украина территориясын босатқаннан кейін жасалуы мүмкін.

«Бүгіндікке берер жауабым "жоқ".  Мен олардың (Ресей) тарапынан сындарды диалог орнатуға деген құлшынысын байқап тұрған жоқпын. Бұл менің ұстанымым, мен ультиматум қоятындармен сөйлеспеймін», - деді Зеленский. 

Оның айтуынша, Ресейдің бір келісімге келейік дегені кезекті ойын...

«Олар арадағы жанжалды тоқтатуға бар жанын салып, ортақ келісімге келуге, келіссөздерді жүргізуге талпыныс жасайды.  Артынша қайтадан күшейіп алға жылжиды. Олардың негізгі стратегиясы -  бізді аз-аздан, өте баяу жеу... Мен бұлай ойнағым келмейді", -  деді Зеленский.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін РФ Сыртқы істер министрі Лавров "Ресей келіссөздерден бас тартпайды, бірақ Украина келіссөзді кейінге қалдырса, келісімге келу қиын болатынын" мәлімдеген болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер