Мақпал Жұмабай ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі болып тағайындалды

5182
Adyrna.kz Telegram

Мақпал Жұмабай ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы министр Дархан Қыдырәлі өзінің фейсбук парақшасында хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

"Бүгін Алматыда заманауи медиа өкілдері мен креатив жастармен кездестім. Түрлі платформаларда шығармашылық әлеуетін танытып жүрген жастар жан-жақты мәселелерді ортаға салды. Өте пайдалы кездесу болды деп ойлаймын. Айтпақшы, осы басқосуға ұйытқы болған Мақпал Жұмабай қарындасым бүгіннен бастап ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі лауазымына кірісті. Сәттілік тілеймін!", - деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мақпал Жұмабай 2021 қыркүйегінен бастап «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары қызметін атқарған болатын. 

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер