Өрт өршіп барады: Жетісу тауларындағы өртті үш күн қатарынан сөндіре алмауда

7182
Adyrna.kz Telegram

Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті Алакөл ауданындағы Достық стансасы маңындағы таулы аймақта болған өрттің жаңа мәліметтерін хабарлады, - деп жазады "Адырна". 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, аумақта 125 гектар аумақта орманда 3 өрт ошағы бар. Барлығы 3 күн бойы өрт кезінде тікұшақтар 66 тонна су тастады.

«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, облыста дауылды ескерту жарияланды. 10 қыркүйекте Жетісу облысының таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында найзағай күтіледі. Таулы және тау бөктеріндегі аудандарда оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 23-28 метрге жетеді», - деп хабарлады ТЖД.

Өртті сөндіруге 232 адам, 2 тікұшақ, 26 техника, 60 рюкзак бүріккіш және 11 ат жұмылдырылған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, түтіннің иісі жақын маңдағы елді мекендерде де сезіле бастаған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec.insta_)

"Адырна" ұлттық  порталы 

Пікірлер