"Адырна" ұлттық порталының Атырау облысында ашылған Ұлттық қыздар мектебі жайлы шыққан ақпараты ел аузында қызу талқылануда. Бұл дерекке Атырау облыстық Білім басқармасы ресми түрде жауап берді деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Атырауда сәләфи исламистердің бүлдіршін қыздардың құқын таптап, бет-жүзін тұмшалау мақсатында "Ұлттық қыздар мектебі" дейтін сәләфилік бағыттағы жаңа мектеп ашылғаны жайлы ақпарат тараған болатын. Осыған қатысты Білім басқармасы былай деп редакциямызға жауап жолдады:
"Аталмыш жеке ұйымға өкілетті органдардан лицензия берілмегенін хабарлаймыз. Қазіргі таралаған ақпарат негізінде тексеру жүргізілуде. Тексеру қорытындыс бойынша барлық қажетті шаралар қабылданатын болады. Айта кетейік, Қазақстан зайырлы мемлекет болапы табылады және барлық ұйымдар, соның ішінде жеке білім беру ұйымдары да қолданыстағы заңнаманы сақтауға міндетті" делінген жауапта.
"Адырна" ұлттық порталы