Алматы қаласында баспанасыз қалған студенттерге арналған арнайы штаб ашылды

932
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Алматы қаласында баспанасыз қалған студенттерге арналған арнайы штаб ашылды. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Министрдің айтуынша, штаб тәулік бойы жұмыс істейді.

«Бірінші курс студенттері, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан студенттер, сондай-ақ жалға берілетін пәтер таба алмаған немесе қиын жағдайда қалған студенттер штабқа хабарласа алады. Штаб 24 сағат жұмыс істейді. Қиын жағдайға тап болған студенттерге орын табамыз»,- деді министр.

”Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket