Жетісу облысындағы таулы аймақтағы өрт Қытай шекарасына жетті

2204
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Жетісу облысында өрт ауданы 500 гектарғс жеткен. Бұл туралы Жетісу облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Сағат 15:00-де Абай облысынан қосымша МИ-8 ұшағы шықты. Желдің жылдамдығы 28-30 м/с, бірақ желдің бағыты шығыстан батысқа қарай Үшарал-Достық тас жолына қарай өзгерді. Шекарадан қашықтығы 10 шақырым. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Сондай-ақ елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Жағдай бақылауда. Барлығы екі МИ-8 тікұшағы, 17 техника және 183 жеке құрам жұмылдырылды», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомстводағылар өрт көрші Қытай шекарасына жеткенін де мәлімдеді. Төтенше жағдайлар министрлігі мен Шекара қызметі көрші мемлекетке өрттің соларға қарай таралуы мүмкін екенін ескерткен.

«Қызыл жалын көрші мемлекеттің күшімен сөндірілді. Оқиға орнында штаб жұмыс істеп жатыр», - деді басқарманың баспасөз қызметі.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер