«Азия Микс» КВН командасының мүшесі ұсталды

3881
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Қырғызстанның «Азия Микс» КВН командасының мүшесі Марат Джуманалиев қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл ақпаратты құқық қорғау органдары растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап.

Оның хабарлауынша, Марат Джуманалиев әріптесімен бірге «Спекулянт» компаниясының бас директоры, Ресей азаматының сеніміне кіріп, шетел валютасындағы ірі көлемдегі ақшалай қаражатын иемденген және оның құқық қорғау органдарындағы мәселесін шешуге ықпал етуге уәде берген. Содан кейін олар уәдені орындамай, ақшаны иемдену үшін «Спекулянт» компаниясының бас директорының туыстарына қысым көрсеткен. Сондай-ақ, олар Қырғызстан билігіндегі адамдарды және Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы К. Ташиевтың ұлын жақсы танитындарын айтып, қорқытқан.

Сотқа дейінгі тексеру барысында күдіктілер кінәларын мойындаған. Қазір олар тергеліп жатыр.

Марат Джуманалиев КВН-да Маратик атымен танымал.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер