Шығыс Қақастанда тілсіз жаумен күрес жалғасуда

2366
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/09/220908101725962e.jpg
Шығыс Қазақстан облысының  бірнеше ауданында ірпі дала өрті орын алды, деп хабарлайды  « Адырна» тілшісі. Өңірлік  төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Күршім ауданында дала өртінің аумағы 1300 гектарды құрап отыр. алайда, жақын орналасқан елді мекендерге төніп тұрған қауіп жоқ. Өртті сөндіруге барлығы 270-ке жуық адам мен 34 техника жұмылдырылған.
«Алтай ауданы «Зырян» орман шаруашылығы және «Быков» орманшылығын шарпыған қызыл жалынның жалпы ауданы 800 гектарға жетіп отыр. Суағар құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы тартылған. Әуеден 12 тоннадан астам су төгілді. Бүгін өрт орнына ҚР Қорғаныс министрлігінің МИ-17 тікұшағы мен Семей қаласындағы №68303 әскери бөлімінің қызметкерлері көмекке келмек», - делінген ақпаратта.
Бұдан бөлек, Катонқарағай ауданы Алтынбел ауылынан 12 шақырым жерде «Үлкен нарын» орман шаруашылығында бұта мен шөп жанып жатыр. Алдын ала дерек бойынша оттың жалпы ауданы – 1200 гектар. Тілсіз жаумен күреске 280-нен астам адам мен 24 техника тартылды. Өрт орнында жедел штаб құрылды.  
Комментарии