25 жастағы жігіттің үстіне бетон плитасы құлап, қаза тапты

2197
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/09/plita.jpg
Павлодарда құрылысшының үстіне бетон плитасы құлап кеткен. Ауыр жарақатының салдарынан марқұм  оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Қайғылы жағдай Ақсу ауданы Қалқаман ауылында орын алған.  Жергілікті полицияға 7 қыркүйек күні, сағат 12-21-де оқиға туралы қоңырау түскен.  
«Промышленная көшесі, 1 мекен-жайында құрылыс жұмыстарын жүргізген ЖШС-тің 25 жастағы қызметкерінің үстіне үйдің бетон қоршауы құлаған», - деп хабарлады полиция.
Қазіргі таңда тексеріс жүргізіліп жатыр.
Комментарии