Автобуста үлкендерге орын бермеген қыздардың әрекеті желіні шулатты (ВИДЕО)

31560
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/09/novyj-tochechnyj-risunok.jpg
Автобуста үлкендерге орын бермеген жас қыздардың әрекеті желіні шулатты, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. Видео авторының айтуынша, ол Алматы қаласында №47 автобуста үлкендерге орын бермеген қыздарды тәртіпке шақырмақшы болған. Алайда қыздар оған сөз қайтарып, ұрыса жөнелген көрінеді.
Видео авторы: "Жасы кішкентай қыздар. Үлкен апаларға орын бермейді. Қазіргі жастардың тәрбиесі осы. Сұмдық. Неге орын бермейсіз? ", - десе, Қыздар: "Мені түсіріп жатырсың ба? Телефоныңды жұлып, қолына беремін қазір! Орын бермеймін ал. Құқықтарың жоқ. Мен де сені түсіре аламын", - деп оған сөз қайтарса керек. 
https://youtu.be/YoOJaRT4JI4

"Адырна" ұлттық порталы 

Комментарии