Ең төменгі жалақы 70 мың теңгеге дейін көтерілмек

2053
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/09/f65bf6a3-0cda-425b-8990-ee8da3e800fe.jpeg
Елімізде ең төменгі жалақы 70 мың теңгеге дейін көтерілетін болды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі жолдауында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Мен ең төменгі жалақыны 60-тан 70 мың теңгеге көтеруге шешім қабылдадым. Бұл 1,8 миллион азаматтың кірісіне тікелей әсер етеді. Ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерлемесін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ына, ал ең жоғарысын 120%-ға дейін дәйекті түрде жеткізу қажет. Бұрын қабылданған шешімдермен бірге бұл 2025 жылға қарай жалпы зейнетақыны орта есеппен 27%-ға арттыруға мүмкіндік беред»,—деді ол.
Комментарии