Профессорлардың жалақысы 435 мың теңгеге өсті - Роза Кәрібжанова

1186
Фото: primeminister.kz
Фото: primeminister.kz

Қазақстанда мәдениет және өнер саласындағы ЖОО оқытушылардың жалақысы өсті. Бұл туралы МСМ Мәдениет комитетінің төрайымы Роза Кәрібжанова ОКҚ-де баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Роза Кәрібжанованың сөзінше, 3 жылдық бюджет бекітілген.

“Нәтижесінде үкіметтің қолдауымен оқытушылардың еңбекақысы 70%-ға өсті. Мысалы, бұрын 13-16 жыл еңбек өтілі бар профессордың айлығы 267 мың теңге болған. Бүгінде біз 3,5 коэффициентті пайдаландық. Нәтижесінде олардың жалақысы 435 мың теңгеге өсті. Орташа есеппен алғанда, еңбекақының көлемі бұдан да жоғары болады...”, - деді комитет төрайымы ОКҚ-де баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, ол доценттер мен оқытушылардың жалақысына тоқталып өтті

«Осыған дейін доценттер 243 мың теңге жалақысы алса, қазір оның көлемін 430 мың теңгеге дейін өсті. Университеттегі оқытушылардың жалақысы 350 мың теңгеге өсті. Бұл өзгерістер мәдениет саласын дамытуға өз септігін тигізеді деген сенімдеміз», - деді басшы.

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket